«Даңқты жетістіктерге 70 жыл» көрмесін Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшілігі осы елдің құрылғанының 70 жылдығына орай ұйымдастырды.
«Даңқты жетістіктерге 70 жыл» көрмесін Қазақстанның бес қаласының тұрғындары мен қонақтары көре алады: Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Ақтөбе, Шымкент және Павлодар. «Алтын ғасыр» галереясындағы көрмеден кейін (Қарағанды) экспозиция тұрақты негізде ҚарМТУ жанындағы Конфуций институтына көшті.
Көрмеде 125 түрлі-түсті және ақ-қара фотосуреттер жинақталды. Конфуций институтының студенттерімен кездесуде Қытайдың Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Сун Чанг Дун Қытайдың басты міндеттерінің бірі – Қазақстанмен тату көршілік қатынастарды дамыту және сақтау екенін айтты. Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың келіссөздерінде қабылданған мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестік қатынастарды дамыту туралы шешім осының дәлелі. Конфуций институты – бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы достық пен гуманитарлық ынтымақтастықтың көпірі.