https://www.akademik.interstudi.edu/pasca/.well-known/

«

»

Jun 09

Конфуций Институтының стипендиясы

Қытайда тегін оқығысы немесе шығындардың бір бөлігін төлегісі келетіндер үшін Қытай мемлекеті есебінен оқытудың әртүрлі мүмкіндіктері бар. Осындай мүмкіндіктердің бірі – Конфуций институтының стипендиясына өтініш беру.

«Конфуций институтының шәкіртақылары» Конфуций институтының «Ханьбань» штаб-пәтері қытай тілі мен қытай мәдениетін үйренуде ерекше жетістіктерге жеткен оқушыларды ынталандыру мақсатында құрылған.

 

Стипендияға кім үміткер бола алады:

 

1. Үздік студенттер – Конфуций институттарының оқушылары.

2. Конфуций институттарының штаб-пәтері ұйымдастырған қытай тіліндегі түрлі емтихандарда жақсы нәтиже көрсеткен студенттер.

3. Студенттер мен оқушылар арасындағы Дүниежүзілік қытай тілі байқауының («қытай тілінің көпірі») жеңімпаздары.

Конфуций институты стипендиясының түрлері

 

1. Біліктілікті жетілдіру бағдарламалары бойынша стипендиялар 4 аптаға немесе 1 семестрге немесе 1 оқу жылына беріледі. Үміткерлерде қытай тілінің бастапқы деңгейі және 16-35 жас аралығында болуы керек (қытай тілі мұғалімінің жасы 45 жасқа дейін болуы мүмкін).

2. Академиялық бағдарламалар бойынша стипендиялар 4 сатыдан жоғары HSK сертификаты және HSKK орташа деңгейі сертификаты бар үміткерлерге беріледі.

3. Бакалавр дәрежесін алуға стипендия 4 жылдық оқу мерзіміне беріледі. Толық орта білімнің болуы, ҚХР жоғары оқу орнына түсу емтихандарын сәтті тапсыру талап етіледі. Үміткердің жасы 16-20 жас аралығында болуы керек.

4. Магистр дәрежесін алуға арналған стипендия 2 оқу жылына беріледі. Бакалавр дәрежесі қажет немесе оған тең, жасы 16 бастап 35 дейін (қытай тілі мұғалімінің жасы 45 дейін болуы мүмкін).

5. Ғылым докторы дәрежесін алуға арналған стипендия 3 оқу жылына беріледі. Магистр дәрежесі қажет немесе оған тең, үміткерлердің жасы 45 жастан аспауы керек.

6. Біліктілікті жетілдіру бағдарламалары бойынша стипендия 1 оқу жылына беріледі + магистр дәрежесін алуға стипендия 2 оқу жылына беріледі (3 жыл болады)

Конфуций интитут стипендиясының мөлшері

1. Тіркеу жарнасы және оқу ақысын төлеу, негізгі оқу материалдары және университет кампусында тұру бойынша шығындарды жабу.

2. Ай сайынғы стипендия:

• біліктілікті жетілдіру бағдарламасы бойынша оқитындар үшін: 2500 юань;

• бакалавр дәрежесіне оқитындар үшін: 2500 юань;

• магистр дәрежесіне оқитындар үшін: 3000 юань;

• доктор дәрежесіне оқитындар үшін: 3000 юань.

3.  Емдеуге жатқызу жағдайына байланысты шығыстарды немесе мертігу немесе жарақат алу бойынша шығыстарды жабуды қамтитын жалпы медициналық сақтандыруды ұсыну