«

»

Jun 09

Жазғы тіл курстары

Қытайдағы тілдік тағылымдама – қысқа мерзімде қытай тілін меңгеру деңгейін айтарлықтай арттырудың аса тиімді тәсілі. Қытай тіліндегі қарқынды бағдарламадан басқа, қытай мәдениеті мен тарихы бойынша дәрістер курсы және бай мәдени бағдарлама өткізіледі. Каллиграфия, тайцзицюань және қытай қолөнері бойынша мастер-кластар ұйымдастырылады.

Жазғы тіл мектептері Шихэцзы университетінің базасында өтуде.

 

Тыңдаушылар университет аумағында шетелдік студенттерге арналған жайлы жатақханаларда тұрады. Оқыту заманауи мультимедиялық жабдықтармен жабдықталған аудиторияларда жүргізіледі.

 

Қытай – бай тарихи және мәдени мұрасы бар таңғажайып әдемі және қызықты ел. Сондықтан біз тағылымдамаларымыздың мәдени бағдарламасына үлкен көңіл бөлдік. Биыл Шихэцзы қаласынан басқа тыңдармандар Чунцин мен Үрімші қалаларына барып, Юнеско Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне кіретін көрікті жерлерді тамашалайды.

 

Тыңдаушыларды ҚарМТУ мен Шихэцзы университетінің өкілдері Қытайда болған алғашқы күнінен бастап соңғы күніне дейін бірге жүреді.

ҚарМТУ Конфуций институтының ең жақын жазғы тіл мектебі 2019 жылдың шілде-тамыз айларында өтеді.