https://www.akademik.interstudi.edu/pasca/.well-known/

«

»

Jun 09

HSK халықаралық емтиханы

Назар аударыңыз!

HSK (3-6 деңгей) және HSKK (бастауыш және орта деңгей) емтихандары 2023 жылдың 14 мамыр өтеді.

Сайтта тіркелу www.chinesetest.cn 2023 жылдың 04-17 сәуір аралығында. Төлем 17 сәуір дейін 206 кабинетінде, 1 корпуста жүргізіледі.

HSK (HanyuShuipingKaoshi) (汉语水平考试) – қытай тілін ана тілінде сөйлемейтін адамдардың қытай тілін меңгеру деңгейін сертификаттауға арналған ҚХР мемлекеттік емтиханы. HSK біліктілік емтиханы ҚХР Мемлекеттік департаментінің қытай тілін шетелде тарату туралы шешімі бойынша бірыңғай сертификаттау нысаны ретінде енгізілді. HSK алты қиындық деңгейіне ие. ҚарМТУ жанындағы Конфуций институты 2013 жылдан бастап HSK, HSKK және YCTс емтихандарын өткізу пункті болды.

Емтихан нәтижелері емтиханнан кейін бір айдан кейін белгілі болады. Нәтижелермен емтихан тіркеу парағының мәліметтерін енгізе отырып, www.chinesetesting.cn сайтында танысуға болады

Сізге ыңғайлы болу үшін ҚарМТУ Конфуций институтында HSK емтиханы жылына бірнеше рет өткізіледі.

HSK біліктілік емтиханын тапсыру туралы сертификат Қытай Білім Министрлігінің мемлекеттік үлгідегі құжаты болып табылады, халықаралық деңгейде мойындалған және тілдік емтихандарға қойылатын талаптарға сай келеді.

HSK сертификаты келесі артықшылықтарды ұсынады:

- Қытайда 1 немесе 2 семестрде біліктілігін арттыру үшін стипендия алуға өтініш беру мүмкіндігін ұсынады;

- Қытай жоғары оқу орындарының бакалавриатына, магистратурасына және аспирантурасына түсуге мүмкіндік береді;

- жұмысқа қабылдау кезінде, біліктілікті арттырудан өту кезінде ұсынымдар беру үшін негіз болады, қытай тілін жақсы білетін мамандарға мұқтаж мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың кадр саясатында ескеріледі.