https://www.akademik.interstudi.edu/pasca/.well-known/

«

»

Jun 09

ҚарТУ Конфуций институты туралы

Конфуций

ҚарТУ Конфуций институты туралы

Гуманитарлық саладағы қытай-қазақ ынтымақтастығын одан әрі нығайту, қытай және қазақ халықтары арасындағы өзара түсіністік пен достық қатынастарды дамыту құралы ретінде қытай тілін үйрену мен оқытуға жәрдем көрсету мақсатында 2009 жылғы 28 қазанда ҚарМТУ мен Шихэцзы университетінің ректорлары университеттер арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға, сондай-ақ ҚарМТУ жанынан Конфуций институтын құру туралы келісімге қол қойды.

2012 жылдың 27 қарашасында ҚарМТУ жанындағы Конфуций институтының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу салтанатына ҚР-дағы ҚХР елшілігінің кеңесшісі Чэнь Хунган, ректор Сян Бэнчунь бастаған Шихэзцы университетінің делегациясы, сондай-ақ Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларынан келген Конфуций институттарының өкілдері қатысты.

Конфуций институты Шығыс әлеміне апаратын жол ретінде бүкіл әлемдегі қытай тілін үйренгісі келетіндердің қажеттіліктеріне жауап береді, түрлі елдердің адамдарына Қытайдың мәдениеті мен тарихы туралы білуге көмектеседі, оларды Қытай өркениетінің жетістіктерімен таныстырады, Қытай мен Әлемнің түрлі елдерінің халықтары арасындағы мәдениеттің, достық пен өзара түсіністіктің көпірі қызметін атқарады. Конфуций институтының қызметі білім беру, ғылыми және мәдени-ағартушылық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған. Конфуций институтына Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамыту міндеті жүктелген.

Қарағанды техникалық университетінің жанындағы Конфуций институты Конфуций институттарының – Қытай тілі мен мәдениетін оқытатын Қытай мәдени-білім беру орталықтарының жаһандық желісіне кіреді.

Алғашқы Конфуцийинституты 2004 жылы 21 қарашада Корея Республикасының астанасы Сеулде ашылды.

Қазіргі уақытта әлемде Конфуцийдің 400-ге жуық институттары мен 500 сыныбы әлемнің 105 елінде және аймақтарында жұмыс істейді, тіркелген тыңдаушылар саны 800000 адамды құрады.

Сіздің біліміңіз сертификаттармен расталады

Оқуды аяқтағаннан кейін бітіру емтихандарын сәтті тапсырған студенттерге келесі құжаттар беріледі:

- ҚарТУКонфуций институтының білім беру бағдарламасын аяқтағаны туралы куәлігі (орыс тілінде);

- Қытай тілін меңгеру деңгейі көрсетілген HSK емтиханын тапсырғаны туралы ҚХР Білім министрлігінің сертификаты (ағылшын және қытай тілдерінде, емтиханды сәтті тапсырған тыңдаушыларға беріледі).

Тегін қосымша сабақтар

Конфуций институтының тыңдаушылары үшін қытай тілі, тайцзицюань спорты,сондай-ақ каллиграфия бойынша тегін факультативтік сабақтар өткізіледі. Конфуций институтында қытай мәдениеті, тарихы, экономикасы бойынша дәрістер тегін өткізіледі.