«

»

Apr 26

«Қытай тілі көпірі» 18-ші Дүниежүзілік студенттер байқауының аймақтық іріктеу кезеңі

10 сәуір, 2019 nlI2U ҚарМТУ жанындағы Конфуций институтында «Қытай тілінің көпірі» қытай тілінен 18-ші Дүниежүзілік студенттер байқауының іріктеу кезеңі өтті. Байқаудың тақырыбы – «Бір әлем, бір отбасы». Біздің университет қабырғасында іс-шара жыл сайын өткізіледі және оны Конфуций институты Қазақстан Республикасындағы Қытай елшілігінің қолдауымен ұйымдастырады.

Жыл сайынғы «Қытай тілінің көпірі» халықаралық байқауын қытай тілін шетелде тарату жөніндегі мемлекеттік канцлерия ұйымдастырады (Ханбань) және қытай тілі мен мәдениетін бүкіл әлемге таратуға бағытталған. Бұл біздің елде 10 жылдан астам уақыт өткізіліп келеді.

Байқау бірнеше кезеңде өтті, оның барысында қатысушылар өздерінің тілдік деңгейлерін (сөйлеу, грамматика) көрсетті. Келесі кезең – қытай тілін жан-жақты білу (күрделі білімді тексеру және оның іс жүзінде қолданылуы), Қытайдың тарихы мен мәдениетін білу, сонымен қатар өнерлі таланттар (ән, би, музыкалық аспап, каллиграфия, қылқалам, қытай ұлттық спорт түрлері).

Байқау қорытындысы бойынша қытай тілі мен мәдениетінің үздік мамандары анықталды. Университет студенттері арасында:

1 орын – Ахметова Назым;

II орынды Ұлпан Аязбай бөлісті;

III орын Айдын Есенгелдіге берілді.

Мектеп оқушылары арасында:

I орынды Александр Кузнецов жеңіп алды;

Екінші орынды бөлісті – Анжелика Янг.

Байқау жеңімпаздары – Конфуций институтының директорлары Татьяна Филиппова мен Мао Юн сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Байқау шарты бойынша алғашқы жеңімпаздар әрі қарай «Қытай тілінің көпірі» Республикалық байқауына қатысу үшін Алматыға аттанады.

 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>