«

Oct 19

Қытай тілі мен мәдениеті бойынша жазғы онлайн мектеп

Қытай тілінің тәжірибелі және жоғары білікті оқытушылары қызықты және танымдық онлайн курстарды тегін өткізеді! Белсенді қатысқаны және жақсы бағалары үшін Қытайдың Қазақстандағы Елшісінен сыйлықтар табыс етіледі! Сіздерді тіркелуге шақырамыз! Құрметті достар, біз қытай тілі мен мәдениеті бойынша жазғы онлайн-мектепке тіркелудің басталғаны туралы жариялаймыз. Аталған мектеп шеңберіндегі сабақтар тілдік және мәдени алмасу арқылы Қазақстан мен Қытай арасындағы достықты одан әрі дамытуға бағытталған.

Қазақстандағы Қытай Елшілігінің бастамасымен Нұр-сұлтан, Алматы, Қарағанды және Ақтөбе қалаларындағы ЖОО жанындағы Конфуций институттары (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Қ. Жұбанов АӨМУ, ҚарМТУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ), «Қытай тілі мен мәдениеті бойынша жазғы онлайн-мектеп» онлайн – курсын бастады.Өтетін уақыты: 2020 ж.10-21 тамыз. Онлайн тіркелу:өтінім беру мерзімі 9 тамыз 24: 00-ге дейін. Тіркелу сілтемесі: сonfucius_kstu@mail.ru

 

ikonf-2 ikonf-1

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>